10.01.2023, 18:54
Оқылды: 57

12 отбасы тұрғын үймен қамтылды

Бүгін Қаратөбе ауданының орталығы Қаратөбе ауылындағы үш 4 пәтерлі бір қабатты тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілді. 

IMG_7627

2021 жылы тұрғын үйлердің  құрылысын қолға алған мердігер «Өркен-Сервис» ЖШС 2022 жылдың аяғында тұрғын үйлерді пайдалануға берген.

Аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы ағымдағы жылдың қаңтар айының 10-ы күні кезекте тұрған тұрғындарға 12 пәтердің кілтін табыстап, жаңа қоныстарымен құттықтады.

Құрылысы аяқталған тұрғын үйлер жылумен қамтылған. Жаңа тұрғын үйге ие болған тұрғындар аудан басшылығына ризашылығын білдірді.

IMG_7607

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале