Бүгін Қаратөбе ауданының орталығы Қаратөбе ауылындағы үш 4 пәтерлі бір қабатты тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілді.
2021 жылы тұрғын үйлердің құрылысын қолға алған мердігер «Өркен-Сервис» ЖШС-гі 2022 жылдың аяғында тұрғын үйлерді пайдалануға берген.
Аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы ағымдағы жылдың қаңтар айының 10-ы күні 12 пәтердің кілтін табыстады.
Тұрғын үйлер жылумен, жуынатын құрылғылармен қамтылған.
Аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев кезекте тұрған тұрғындарға пәтер кілтін табыстап, жаңа қоныстарымен құттықтады.
Тұрғын үймен қамтылған аудан тұрғындары аудан басшылығына ризашылығын білдірді. «Жағдайымызға қарап, қайырымдылық танытқан аудан басшылығына ризамыз» дейді пәтер кілтін алған тұрғындар.
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz