11.01.2023, 15:46
Оқылды: 28

12 отбасы тұрғын үймен қамтылды

Бүгін Қаратөбе ауданының орталығы Қаратөбе ауылындағы үш 4 пәтерлі бір қабатты тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілді.

IMG_7625

2021 жылы тұрғын үйлердің құрылысын қолға алған мердігер «Өркен-Сервис» ЖШС-гі  2022 жылдың аяғында тұрғын үйлерді пайдалануға берген.

Аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы ағымдағы жылдың қаңтар айының 10-ы күні  12 пәтердің кілтін табыстады.

Тұрғын үйлер жылумен, жуынатын құрылғылармен қамтылған.

Аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев кезекте тұрған тұрғындарға пәтер кілтін табыстап, жаңа қоныстарымен құттықтады.

IMG_7607

Тұрғын үймен қамтылған аудан тұрғындары аудан басшылығына ризашылығын білдірді. «Жағдайымызға қарап, қайырымдылық танытқан аудан басшылығына ризамыз» дейді пәтер кілтін алған тұрғындар.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале