30.12.2020, 10:30
Оқылды: 21

Бәйтеректегі «Мейірім» мейірімін төкті

Бәйтерек ауданы Янайкин ауылы тұрғындарынан құрылған «Мейірім» волонтерлар тобы ауыл балақайларын қуантуда. Аяз ата мен Ақшақар кейпіне еніп, ақ боз атты шанаға жеккен еріктілер ауыл ішін аралар жүріп, балаларға жаңа жылдық сыйлықтар үлестіруде.

111461af-0e60-425e-a815-c73837d588c9

Ауылдық мәдениет үйінің директоры Мирас Шамашев шара ұйымдастырудағы басты мақсат біраз айдан бері карантин режимінде болған елді серпілтіп, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлау екенін айтады.

- Қазір елдің мазасы қашып, індет арты не болар екен деген күдікпен жүр. Десе де мерекенің аты – мереке. Жарқын да жылы жаңа жыл қарсаңында көңілі күпті елді бір серпілтіп алсақ дедік. Сыйлық алған балалар мен олардың ата-аналары еріктілерге алғыстарын айтты. Осындай аумалы-төкпелі кезеңде ауылдастарымызды қуантуға мүмкіндік берген әкімдік пен жергілікті кәсіпкерлерге барша елдің атынан алғысымызды білдіреміз, - дейді М.Шамашев.

3125a32d-ab78-4093-8984-59a331004b5b

Янайкиндіктердің игі ісі мұнымен тоқтамайды. Тұрғындармен біріккен еріктілер ауыл ортасына бес метрлік шырша орнатып, оны безендірді. Енді ол жер көпшіліктің сүйікті орнына айналды.

Айта кетерлігі, жаз айларында Янайкин ауылының жастары ауыл ішіне «Менің жүрегім – Янайкин» композициясын орнатқан болатын.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале