Осыдан бірнеше жыл бұрын Жеңіс күніне арналған мемориалдық алаңның алдында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлесіміз Хұси Жұмағалиевті қайта жерлеу рәсіміне арналған қаралы жиын өткенін әріптестеріміз жазған болатын.
Қызмет жолы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келіп, 1942 жылдың аяқ шенінде соғысқа аттанған жерлесіміз осыдан кейін хабар-ошарсыз кеткендер тізіміне енді. Тек, 2012 жылдың тамызында ресейлік «Феникс» атты оқушылардың іздеу тобы тапқан мүрденің кеудесіндегі «Құрмет Белгісі» орденінің нөмірі Мәскеу арқылы анықталып, ол сүйектің Хұси Жұмағалиевтікі екендігі нақтыланды. Ол «Курск иіні» шайқасында қаза тапқан екен.
Бүгін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Тайшиев, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры А.Ойшыбаева, жерлес ақын Е. Баймұханбетов, Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп директоры М.Оралов, "Жас сарбаз" сыныбының жетекшісі А.Абдрахманов және оқушылары зират басына барып Х.Жұмағалиевке құран бағыштады. Еске алу шарасы аудандық музейде жалғасын тауып, әдемі естеліктер, зерттеу жұмыстарының барысы сөз болды.
Шара санитарлық талаптарға сәйкес өтті.
А.Амангелдина,
Сырым ауданы