5.05.2021, 23:59
Оқылды: 102

Сырымда майдангер Хұси Жұмағалиевті еске алу шарасы өтті

Осыдан бірнеше жыл бұрын Жеңіс күніне ар­налған мемориалдық алаңның алдында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлесіміз Хұси Жұмағалиевті қайта жерлеу рәсіміне арн­алған қаралы жиын өт­кенін әріптестеріміз жазған болатын.

1620235552578

Қызмет жолы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келіп, 1942 жылдың аяқ шенінде соғысқа аттанған жерлесіміз осыдан кейін хабар-ошарсыз кеткендер тіз­іміне енді. Тек, 2012 жылдың тамызында ресейлік «Феникс» атты оқушылардың іздеу тобы тапқан мүрденің кеудесіндегі «Құрмет Белгісі» орденінің нөмірі Мәскеу арқылы анықталып, ол сүйе­ктің Хұси Жұмағалиевтікі екендігі нақтыл­анды. Ол «Курск иіні» шайқасында қаза та­пқан екен.

1620235445763

Бүгін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Тайшиев, Сырым Датұлы атындағы та­рихи-өлкетану музейі­нің директоры А.Ойшы­баева, жерлес ақын Е. Баймұханбетов, Қ.М­ырзалиев атындағы орта мектеп директоры М.Оралов, "Жас сарба­з" сыныбының жетекші­сі А.Абдрахманов және оқушылары зират басына барып Х.Жұмағал­иевке құран бағыштад­ы. Еске алу шарасы аудандық музейде жалғ­асын тауып, әдемі ес­теліктер, зерттеу жұ­мыстарының барысы сөз болды.

Шара санитарлық тал­аптарға сәйкес өтті.

1620235395699

1620235525770

1620235422560

А.Амангелдина,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале