29.05.2025, 9:45
Оқылды: 267

2026 жылы дүниеге келген әр балаға 200 мың теңге сыйақы беріледі

Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов Көктерек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиында округ әкімі Бақытжан Есенғалиевтің 2025 жылдың І жартыжылдығына округте атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі тыңдалып, округтегі бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Округте өткен жиындарға аудандық мәслихат төрағасы Сарсенбай Молдашев, аудандық мәслихат депутаттары мен салалық бөлім басшылары қатысты.

WhatsApp Image 2025-05-29 at 10.06.32 (2)

Аудан әкімі округке жұмыс сапарын Сатыбалды елді мекенінен бастады. Сатыбалдыда тұрғын үй кезегіндегі тұрғындар үшін салынған жаңа үйдің құрылыс жұмыстарының соңғы сатысы жүруде. Сонымен қатар елді мекендегі саябаққа меценаттардың бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында теректер отырғызылған. Ал әлеуметтік нысандарға газ өткізу жұмыстары үшін қажетті материалдар да жеткізілуде. Аталған жұмыстармен танысқан аудан әкімі халықпен кездесіп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, сатыбалдылықтар жиі көтерген мәселелерге тоқталды.

WhatsApp Image 2025-05-29 at 10.06.32 (1)

Сатыбалды елді мекенінде таза ауыз сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарға газ кіргізу, техникалық су тарту сынды мәселелер күн тәртібінде тұр. Өзіміздің тарапымыздан тиісті жұмыстарды атқарудамыз. Мәселен, Сатыбалды елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық құрылыс басқармасымен жаңадан жол картасын жасап, алдағы жылдарға Сатыбалды ауылын енгізуді жоспарлап отырмыз. Ал техникалық су тартуға локалды смета жасақталды. Әлеуметтік нысандарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесі де оң шешімін тауып, жаз айларында газ кіргізіледі, - деді аудан әкімі.

WhatsApp Image 2025-05-29 at 10.06.33

Сатыбалдылық ағайын кездесуде жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру, шағын футбол алаңын жөндеуден өткізу, жаңа мектеп салу сынды мәселелерді көтерді.

WhatsApp Image 2025-05-29 at 10.06.32 (4)

Елді мекенде өзекті мәселелердің бірі киік мәселесі болып отыр. Ағайынның жерін таптап, шөбін отаған дала жануарына қатысты мәселе шешімін тапса екен дейміз. Сондай-ақ ауылда медициналық пункт жөндеуден өткенімен кейбір медициналық жабдықтардың қажет екенін атап өткім келеді. Сонымен қатар жас және көпбалалы отбасыларды мақсатында 2026 жылдың қаңтар айынан бастап, желтоқсан айына дейін Сатыбалдыда дүниеге келген әр балаға 200 теңге көлемінде сыйақы беруге шешім қабылдадым. Біз ауылдың дамуына жан-жақты қолдау көрсетеміз. Ал биліктің деңгейіндегі мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табады деген сенімдеміз, - деді ауылнай Руслан Сарбаев.

Халықпен кездесу жиындары Оразғали және Саралжын елді мекендерінде жалғасын тапты. Оразғали елді мекенінің ауылнайы Қолғанат Адиетов халықты киік мәселесі шешу, көршілес ауылдар мен елді мекендерде малдың бағымсыз жүруін реттеу, шағын футбол алаңын салу және ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысын жетілдіру қажеттігін атап өтіп, ұсыныстарын жеткізді. Ал саралжындықтар ауылда байланыстың жоқтығы және киіктің санының артуы басты мәселе екенін атап өтті. Сонымен қатар Саралжында әлеуметтік нысандарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету, ескі мектеп, шағын орталық ғимараттарын пайдалану мәселесі де күн тәртібінде тұр.

WhatsApp Image 2025-05-29 at 10.06.33 (1)

Көктерек ауылында өткен жиында Бақытжан Сатқанұлы округтің әлеуетін арттыру мақсатында атқарылған жұмыстарды баяндап, халық жиі көтеретін мәселелерді де атап өтті. Аудан әкімі округ орталығына қажетті жаңа дәрігерлік амбулатория, ветеринариялық блок салу, мектеп пен бөбекжайға қатынау мақсатында жаяу жүргінші жолын салу мәселесі өзекті болып қала беретінін атап өтті.

WhatsApp Image 2025-05-29 at 10.06.32 (3)

Өйткені қомақты қаражатты қажет ететін жобаларға аудан бюджетінің мүмкіншілігі жетпейді. Ал аудандық бюджеттен алдағы уақытта шағын футбол алаңының төсенішін ауыстыру, Көктерек ауылына жаңадан мал моласын салу, Оразғали ауылдық клубына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Дегенмен, көтерілген мәселелерді жылы жауып қоймай, аудандық мәслихат депутаттарымен бірге құзырлы органдарга жеткізіп, шешу жолдарын қарастыратын боламыз, - деді аудан әкімі.

WhatsApp Image 2025-05-29 at 10.06.32

Жиында дәрігерлік амбулаторияны тұрақты дәрігермен қамтамасыз ету, техникалық су трубасын күтіп ұстау, киіктің көптігі мен жоғарыдан келген судың аздығы салдарынан мал азығының тапшылығы орын алған жағдайда қандай шаралар қабылданатыны, «Қабыш» көбігін тереңдетіп қазу, өрт сөндіру қызметін жаңа машинамен қамтамасыз ету, трансформаторларды қоршау, ауыл ішіндегі тозығы жеткен линияларды ауыстыру жөнінде мәселелер көтерілді. Кездесуден соң аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале