29.01.2025, 9:00
Оқылды: 152

260-тан астам ғылыми басылым авторының туғанына 90 жыл

Бүгін аудан ардагерлері мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Шмидт Айталиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Ғалымның хаты өлмейді» атты танымдық кеші өтті.

 

image-28-01-25-03-37-3

​Шмидт Айталиев 1935 жылы 28 қаңтарда Орал қаласында дүниеге келген. Қазақстанның ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. Бұрынғы Кеңес одағының құрамына кірген елдерді қойғанда, әлемнің көптеген мемлекетіне танымал ғылыми мектептің негізін қалаушы және жетекшісі. Сондай-ақ терең мұнай-газ барлау-бұрғылау динамикасының кейбір өзекті мәселелерін де зерттеген 260-тан астам ғылыми басылымның авторы.

image-28-01-25-03-37

Кеш шымылдығын «Бейбіт ел» әнімен Асылан Боранбаев ашып берді. «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуанәлиев сөз алып, артынан өшпестей із қалдырған, халық игілігі үшін еңбек еткен ғалымның кейінгі ұрпаққа үлгі екенін айтып өтті.

​Әрмен қарай «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филалдың төрағасы Амангелді Уәлиев ел бағына туған азаматтың өмір жолы мен қызметі туралы баян етті.​

image-28-01-25-03-37-1

​-Шмидт Айталиев 1952 жылы Жәнібек қазақ орта мектебін алтын медальмен бітіріп, С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университеті физика-математика факультетінің сол жылы жаңадан ашылған механика бөліміне оқуға түседі. Университетте оқып жүріп, өз мамандықтарының шеберлері саналатын ұлағатты ұстаздарынан терең кәсіби білімге қоса тамырлы тәлім-тәрбие алады.

image-28-01-25-03-37-4

Шмидт Мұсаұлы ғылыммен айналыса жүріп журналист болсам деген арманын жүзеге асырып, қолына қалам алып, ой тербеп, замандастары туралы деректі мақалалар жазса, жер қойнауы туралы ғылыми көпшілік кітаптардың авторы бола білді. «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген қазақтың қасиетті теңеу сөзі дәл осы жан-жақты, білімді де өнерлі адамдарға қатысты айтылған сияқты. Міне, бүкіл саналы ғұмырын ғылым жолына арнаған қазақ елінің арқа сүйер асқар таудай азаматы болған ардақты тұлғасы, өмір жолы мен жарқын бейнесі осындай еді. Шмидт Мұсаұлының ғылымдағы еңбектері туралы сөз қозғаған ғалымның жиені Серік Құрманғалиев өзінің ыстық лебізін білдірді. Шара барысында Шынтемір Рамазанов «Бозшолақ»  күйін тартса, ардагер ұстаз Гүлнәр Хайырлиева Ш.Айталиевтің «Әлима апай туралы ой-жыр» өленің оқыды. Тағылымы мол танымды кеш  «Жәнібегім» әнімен қорытындыланды.

Бану Самат,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале