Бөкей ордасы ауданына жасаған іссапары кезінде облыс әкімі Алтай Көлгінов Ұялы ауылында орналасқан Ш.Жексенбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысының барысымен танысты.
Жөндеу жұмыстарына ҚПО б.в. компаниясы əлеуметтік жоба аясында 142,1 млн. теңге бөлген. Мердігер - "Раза строй" ЖШС. Облыс əкімі жөнделіп жатқан ғимарат ішін аралап көрді. Үш қабатты мектеп бөлмелерінің қабырғасы мен едендеріне жəне сатыларына бəлендей өң кіре қоймапты. Маусымда басталған жөндеу жұмысы өте баяу жүріп жатқандай көрінді. Құрылысқа жауапты серіктестік өкілдері қыркүйек айының басында барлық жұмыс бітеді деп уəде берді.
Мектеп директоры Ардақ Әлиеваның айтуынша, білім ұясына 400 бала сияды деп есептелгенімен, биылғы оқу жылында 250 оқушы қабылданбақ.
Нұртай Текебаев
www.zhaikpress.kz