19.02.2024, 17:30
Оқылды: 62

3 наурызда Күйгенкөлде әкім сайлауы өтеді

 3 наурызына тағайындалған Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауына орай тиісті учаскелік сайлау комиссия мүшелерімен семинар өткізілді.

426582963_946874634108878_7805676461598034656_n

Семинар-кеңеске Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жарқын Хайырлиев, төраға орынбасары Руслан Нұралиев қатысты.

Семинар барысында №144, 145, 146 учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің сайлау өтетін күні атқаратын жұмыстың алгоритмі толықтай түсіндірілді.

426594381_946874660775542_4703495370213731682_n

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жарқын Ғиниятұлы комиссия мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, түрлі кездесетін ситуациялық жағдайға мысалдар арқылы талдау жасады.

Сонымен қатар барлық қатысушы тестілеуден өткізіліп, сайлау заңнамасына қатысты біліктіліктерін көрсете білді.

Жарқын Ғиниятұлы:

- Сайлау комиссиясының жұмыс деңгейінің сапасы – барлық сайлаушының өз азаматтық ұстанымдарын білдіруіне және сайлау күні белсенді болуына тікелей әсер етеді, - деді.

Гүлзара Тілекқабылқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале