Жақында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының БҚО бойынша өңірлік филиалы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы аясында «Ауыл» ХДПП-ң «Жақсы кітап – жан азығы» акциясын өткізді.
Сырым ауданы Бұлан ауылында өткен акцияға «Ауыл» ХДПП БҚО бойынша өңірлік филиалының төрағасы Мынатаубиік Әнесов, «Ауыл» ХДПП БҚО бойынша өңірлік филиалының саяси кеңес мүшесі Құсайын Бақтиярұлы, «Ауыл» ХДПП БҚО бойынша Орал қалалық мәслихатының депутаты Арман Биғалиев, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, DANAkaz журналының редакторы Нұрлан Сәдір, «Ауыл» ХДПП БҚО бойынша өңірлік филиалы Сырым аудандық бөлімшесінің төрағасы, мәдениет саласының үздігі Мұхамбет Мамықов, сондай-ақ Бұлан ауылының тұрғындары, кітапханашылар қатысты.
Шараны «Ауыл» ХДПП БҚО бойынша өңірлік филиалының төрағасы Мынатаубиік Әнесов ашып, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы аясында атқарылған шаралары туралы айтып, Бұлан ауылдық кітапхана меңгерушісі Әсия Аманбаеваға «Ауыл» ХДПП БҚО бойынша өңірлік филиалының алғысхатын, кітапханаға 30 кітапты тарту етті.
«Ауыл» ХДПП БҚО бойынша өңірлік филиалының саяси кеңес мүшесі, Сырым ауданының құрметті азаматы Құсайын Бақтиярұлы осы өңірде қызмет еткен еңбек ардагері ретінде, өлкеның тарихына шолу жасап, ел алдындағы жауапкершілік, ұрпақтар сабақтастығы туралы сөз қозғады.
«Ауыл» ХДПП БҚО бойынша Орал қалалық мәслихатының депутаты Арман Бигалиев партия, мәдениет, кітап мәселелеріне қатысты өз ойын өлеңмен жеткізіп, акцияның жүзеге асуына белсенді атсалысқан Бұлан ауылының «Ауыл» ХДПП атынан сайланған әкімі Мұрат Әділкереев пен Әсия Аманбаева басқаратын кітапхана ұжымына алғыс айтты.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, DANAkaz журналының редакторы Нұрлан Сәдір Бұлан кітапханасына табысталған 30 кітаптың «Алтын тұғыр» топтамасы туралы мәлімет берді. Бұл топтама «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен әдебиет порталы ұйымдастырып жүрген «Ауылым – алтын тұғырым» атты дәстүрлі байқауға - проза, поэзия, драма, жанрлары бойынша қатысқан әдеби шығармалардан құралады. Нұрлан Қуанышұлы өзі бас редакторы болып табылатын, ауылдың тыныс-тіршілігі жайлы мақалаларды тұрақты жариялап жүрген DANAkaz журналының бірнеше нөмірін кітапхана мен оқырмандарға сыйға тартты.
«Ауыл» ХДПП БҚО бойынша өңірлік филиалының Сырым аудандық бөлімшесінің төрағасы, мәдениет саласының үздігі Мұхамбет Мамықов орындаған бірнеше ән, термені жиналған қауым үлкен ықыласпен қабылдады.
Шара соңында Бұлан ауылының әкімі Мұрат Меңдібайұлы, кітапхана меңгерушісі Әсия Сағатқызы «Ауыл» ХДПП БҚО бойынша өңірлік филиалына бүгінгі ұйымдастырған шара мен сый-сияпаттары үшін алғыстарын білдірді. Өскелең ұрпаққа қазақ және әлем жазушыларының үздік дүниелерімен қауышу мүмкіндігін сыйлауды, кітап оқуға насихаттауды көздейтін бұл акция алдағы уақытта жалғасын таппақ.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz