Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов БҚО, Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысымен басталған Еңбекші ауылындағы су құбыры құрылыс нысанында болды.

Мердігер «Engineering and construction group» ЖШС жұмысымен танысып, нысандағы арнайы техникалардың жұмыс атқарып тұрғанына көз жеткізді.

Техникалық және авторлық қадағалау «УКС» ЖШС мен «Уралводпроект» ЖШС міндетінде.

Аталмыш құрылыстың құны - 166 228 020,9 теңгені құрап отыр.
Тартылатын ауыз су құбырының ұзындығы 5 шақырым 119 метр.
Ол дегеніңіз Еңбекшідегі 31 тұрғын үй ауыз сумен қамтамасыз етіледі деген сөз.
Құрылыстың жоспардағыдай аяқталуына бес ай уақыт беріліп, мердігер сәуір айының бірінен бастап іске кіріскен.
Ақтілек Әлібекұлы,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz