Тасқала ауданында ұжымдық бау-бақша егу жұмысы жақсы жолға қойылған. Өйткені жыл сайын Деркөл өзенінің жанынан бақша салам деп ниеттенген ұжымдар мен тұрғындарға 4 гектарға жуық арнайы жер дайындап беріледі.
Бұл үрдіс биыл да жалғасты. Бірақ күннің салқындығына байланысты аздап кешеуілдеп жатқаны да жасырын емес. Негізі құнарлы тағам кез келген адамға ауадай қажет. Сондықтан дүкен сөрелеріндегі қымбат тағамдарға жүгіргенше, өзі егіп, еңбектеніп тапқан өнімді пайдаланған әлдеқайда ұтымдырақ болады. Бір жағынан жерді өңдеп, тазалап, жырту, егілген өнімге су жіберу, оны күзету жұмысының барлығы Тасқала ауылдық округінің мойынында. Тек көрсетілген кесте бойынша уақытында барып, өз бақшаңды суарып алсаң жеткілікті. Қазірдің өзінде біраз ұжым картоп егуді аяқтады. Ол тұрғындарға әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан үлкен көмек. Бұл жұмыс тек аудан орталығында ғана емес, ауылдық округтерде де қолға алынды.
Назгүл Серікқызы,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz