Тәуелсіздік күні халқымыздың мызғымас бірлігін айшықтайды. Еліміздің азаттығын және жаңа тарихи кезеңде дербес даму жолына түскенін әйгілейді.

Теректі ауданында «Тәуелсіздік» монументіне гүлшоғын қою рәсімі өтті. Бұл рәсімге аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев, еңбек ардагерлері, желтоқсан оқиғасына қатысушы жерлестеріміз бен мекеме басшылары қатысты.
Бір минут үнсіздікпен боздақтарды еске алған Әлия Биғазықызы мен еңбек ардагері Қайыржан Ахмадиев, Әлжан Жақсыгерейұлы мен мәдениет саласының ардагері, желтоқсан оқиғасына қатысушы Ләйла Қаражігітова, Теректі ауылдық округінің әкімі Армат Рспаев пен еңбек ардагері Михаил Костюков ескерткішке гүлшоқтарын қойды.
Ақтілек Әлібек
Теректі ауданы