9.02.2017, 16:16
Оқылды: 46

Қылмыскерді құрықтаған тәртіп сақшысы

Bokei policia kizmetkerleri marapattaldi  Бөкей орда ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметкері Еламан Ерғалиұлы жуырда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Ж.Жұмашевтің алғыс хатымен марапатталды.

  Тәртіп сақшысы бұл марапатқа өткен жылдың жазында бөгденің мүлкіне зиян келтірмек болған қылмыскерді құрықтағаны үшін ие болды.


  Еске сала кетсек, оқиға былай өрбіген еді. Кезекті патрульдік тексеріс барысында полиция қызметкері Сайқын ауылындағы Ш.Жексенбаев көшесінде кәсіпкер С.Сәрсеновтің дүкенінің отқа оранғанын байқап қалады. Дереу шұғыл әрекетке көшкен тәртіп сақшысы бірден өрт сөндіру қызметіне хабар беріп, өзі алауды ауыздықтауға көмектесуге кірісіп кетеді. Нысан маңынан жанармай құятын ыдысы бар ер адамды әуелі жәрдемдесуші тұрғын деп есептейді. Алайда оның от қоюшы бұзақының нақ өзі екенін бірден аңғарған Еламан Ерғалиұлы күдіктіні қолға түсіреді.

  Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің арқасында қауіптің беті сейіліп, зардап шеккендер тіркелмеді.

Т.Апақаев

Бөкей орда аудандық

ТЖБ бастығы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале