15.03.2024, 20:00
Оқылды: 13

42 жаздық жолдама берілді

Бүгін Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылындағы М-С.Бабажанов атындағы ЖОББ мектебінде 15 Наурыз –  Қайырымдылық күніне орай мерекелік шара өтті.

IMG-20240315-WA0106

Аталмыш шара мектеп фойесінде «Ұлттық тағамдар» көрмесімен басталды.

IMG-20240315-WA0101

Бауырсақ пен көже түрлерін ұсынған мектеп оқушылары тек аспаздық емес шығырмашылыққа да жақын екенін дәлелдеп, шараға қатысушыларға өз өнерлерін ұсынды.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Нүркен Топасов «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ұсынған «Жаздық жолдама» жобасына сертификат табыстады.

- Еліміз бойынша «Жаздық жолдама» жобасы ерекше орын алып отыр. Өткен жылы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржылық қолдауымен 19 мың 754 оқушы толыққанды жаздық демалысқа қол жеткізіп, жаңа эмоцияларға бөленіп, білімге, тәжірибеге, дамушы ойындар мен саяхаттарға қол жеткізіп, жаңа достарға да ие болды.

IMG-20240315-WA0097

Қор Оқу ағарту министрлігі, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен биыл маусым айынан бастап 5-8 сынып аралығындағы 20 мың оқушыны жаздық демалыс лагерьлерге жіберуді жоспарлап қойды. Биыл барлық ауылдық мектептер қамту көзделіп отыр.

Ал біздің ауданға биылғы жылы 42 жолдама бұйырды. Нақтылап айтатын болсақ, М. Мәметова атындағы мектепке - 8, М-С. Бабажанова атындағы мектепке - 6, Жәңгір хан мектебіне - 8, Бисен мектебіне - 6, Қ.Сағырбаев атындағы мектепке - 3, М.Бегалиева атындағы мектепке - 4, Шәкір мектебіне - 4 орын, Т.Масин атындағы мектепке- 1, А.Құсайынов атындағы мектепке 2 орын ұсынылды.

IMG-20240315-WA0096

Айтарлықтай, жолдамаға нақты қай оқушы ие болғаны оқу жыл соңында белгілі болады. Былайша айтқанда оқуда үздік көрсеткіштерге ие (үлгерімі және пәндік олимпиадаларға, пікірталастарға қатысуы) және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын орта сынып оқушылары жазғы демалысқа жолдау жоспарлануда, - деді аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Әсет Таңатов.

Темхар Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале