16.03.2017, 17:02
Оқылды: 47

Жүлделі орындардан көрінді


Janibek shangi 02  Ақмола облысының Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылында шаңғы туризмі техникасынан мұғалімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының ашық чемпионатына Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының командасы да қатысып қайтқан болатын. Жерлестеріміздің жетістіктері көңіл көншітерлік.


  Атап айтқанда, олар «Техникалық» қашықтықтан екінші, «Туристік маршрут» қашықтығынан және жалпы командалық есепте үшінші орындарға ие болып, командаға чемпионаттың мадақтамасы мен дипломы табыс етілген.

  Ауылға жүлдемен оралған команда мүшелері: Асқар Есекеевті (аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының туризм бағыты бойынша әдіскері), Ерлан Неғметовті (туризм орталығының қызметкері), Лунара Сабырғалиеваны (Т.Жароков атындағы мектептің лаборанты) және Нұркен Тұяқовты («Алтын ұя» бөбекжайының дене шынықтыру мұғалімі) аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин қабылдап, оларды жүлделі орындарымен құттықтады және алғыс хаттармен марапаттады.

 А. ЕСІРКЕПОВ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале