Бүкіл ел бойынша «Мектепке жол» акциясы мектеп жасындағы балалардың себепсіз сабақ қалдырмауының алдын алу мақсатында жүргізіледі.
Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне жылма-жыл кәсіпкерлер, «Аманат» партиясы, мектеп ұжымы, кәсіподақ ұйымы және 2010 жылғы түлектер демеушілік жасап, қолдау көрсетіп келеді. Акция шеңберінде білім ошағындағы әлеуметтік қорғалмаған 63 оқушыға сөмке, оқу құралдары, киім-кешек – барлығы 586604 теңге мөлшерінде көмек берілді. Оның ішінде «Бірінші сыныпқа – бірінші рет» акциясы аясында демеушілер 15 оқушыға спорттық киім салатын сөмке және оқу құралдарын тарту етті.
Ақбөбек Апырова,
Ақжайық ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің әлеуметтік педагогі