22.11.2021, 9:40
Оқылды: 54

700 тонна құм дайын

Теректіде қыс мезгіліне дайындық жұмыстары жандануда. Сықырлаған сары аяз бен боранды күндері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету оңай жұмыс емес. Ол үшін адам және техника күші сақадай сай болуы қажет. Сондықтан сала мамандары қызу дайындық үстінде. Осы орайда апта ішінде арнайы коммуналдық техникалардың қыс мезгілінде орын алатын келеңсіз жайттарға әзірлігі тексерілді.

F190FB08-B31E-4C65-A053-9E736DC3B2ED

«Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ә.Нұрғалиев және филиал төрағасының бірінші орынбасары М.Ибраев Федоров ауылындағы ЖПП-2 (ДЭУ) жұмыс барысымен танысты. Танысу барысында мекеме басшысы В.Журавский техниканың жағдайымен қысқа дайындығы жөнінде әңгімелеп берді. Айтар болсақ, қазіргі таңда бұл мекемеде 4 техника бар. Олар — автогрейдер, топырақ төгуге арналған "КамАЗ", "Газель" және жүктиегіш. Қыс мезгілінде жолға шашатын тұз аралас құмның 700 тоннасы әзір. Одан бөлек жылыту пункттері де дайын.

6F2E5BC4-C2C7-47B5-AFBF-9A9F74965913

Елырыс Елмұрат,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале