14.02.2015, 8:20
Оқылды: 42

Ауған ардагерлеріне Құрмет


Жаңақала ауданында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 26 жыл толуына орай арнайы шара өтті.


Бұл жиынға ауданымыздағы ауған соғысының ардагерлері мен олардың жұбайлары арнайы шақырылып, құрмет көрсетілді. Жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қайырсапаұлы КСРО кезіндегі солақай саясат нәтижесінен қаншама отбасының зардап шеккені, қаншама қыршын жастың жат жерде қалғаны, қаншама жанның хабарсыз кеткені жайлы әңгімеледі. Ауған соғысы ардагерлерінің ерліктері ешқашан естен кетпейтінін жеткізіп, сол кездегі әскери бұйрықты мүлткісіз орындап соғысқан ауған ардагерлеріне ізгі тілегін білдірді. Өз кезегінде сөз алған интернационалист жауынгерлер арнайы көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.

Жиында ауған соғысы ардагерлеріне аудан әкімінің атынан алғысхаттар табыс етіліп, сый-сияпат жасалды. Шараны  мәдениет үйі көркемөнерпаздары әнкүймен әрледі.

Надежда ЕСҚАЛИҚЫЗЫ,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале