21.09.2025, 18:00
Оқылды: 204

90 күйші, 90 биші және 90 көркемсөз шебері өнер көрсетті

Сырым ауданында Қазақстанның Халық Жазушысы, «Тарлан» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Қадыр Мырза Әлидің туғанына 90 жыл толуына орай өткен шаралардың айшықты тұстарына тоқталайық.

c19a9718-eb13-4226-b001-a9cddd8373aa

Кітапхана жанынан қын атындағы әдебиет және руханият залының ашылу салтанаты алдында 90 күйшіден құралған ансамбль өнер көрсетті.

А. Ғұбайдуллин атындағы балалар саз мектебі, «Orta», «Alem» оқу орталықтары және Қособа, Аралтөбе ауылдарының өнерпаздарынан құралған ансамбль «Ер Тұран» күйін орындады.

Ал, Қадыр ескерткіші алдында Қадыр Мырзалиев, Жаһанша Досмұхамедов және Сырым лицейінің оқушыларынан құралған 90 оқушы ақынның бір мезетте, бір дауыспен «Адырна» өлеңін оқыды.

4d0aac7f-b06f-4561-bc25-7705457dc32b

Тойтөбе басына жиылған жұрт мың бұралған 90 бишінің өнерін тамашалады. Сырым ауданының үлгілі «Аружан», «Жауқазын», «Кербез», «Айкөркем», «Ақ кербез» би ансамбльдерінен құралған 90 биші қазақ биі «Ұлы дала арулары» шығармасын орындады.

d0ab23c9-370c-4584-b38c-7306cc54684d

Қыздар қырдың қызғалдағындай тербелді.
Ұжымдардың жетекшілері – Айнагүл Сарғозиева, Бақытханым Жұмағалиева, Гүлрайхан Темірбекова, Раушан Атауова, Лунара Шамшиева.

Қоңдыкер Елеуов
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале