30.11.2016, 20:17
Оқылды: 78

Ақсайдың имамы Орынбордағы конференцияға қатысты

Ресей Федерациясының Орынбор облыстық әкімшілігі «Ислами білім: тарихы, қазіргі жай-күйі мен даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-теологиялық конференция өткізді.

Оған губернатор Ю.Берг, Ресей мұсылмандарының орталық басқармасының төрағасы, жоғарғы мүфтиі Шейх уль-ислам Талгат Сафа Таджуддин, қоғамдық палата мүшелері, жоғарғы оқу орындарының ректор-профессорлары қатысып, өз баяндамалары мен дін мәселелерін ортаға салды.

Пленарлық отырыспен басталып, түстен кейін ғылыми және теология секциясы жалғасқан бұл ғылыми-теологиялық конференцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан Ақсай қаласы мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов қатысты. Ол пленарлық отырыста «Мусульманская цивилизация и образование» тақырыбында баяндама жасап, қазақстандық медреселердің тәжірибелері мен шешімдері турасында әңгімеледі.

Аида Есенаманқызы

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале