10.08.2023, 15:00
Оқылды: 59

Абай күні аталып өтті

Бүгін Жаңақала ауданының Рухани орталық алаңында Абайдың 178 жылдық мерей тойына және «10-тамыз – Абай күніне» орай Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі және аудандық мәдени-демалыс орталығыңың ұйымдартыруымен қазақтың бас ақынына арналған мерекелік шара өтті.

абай (1)

Алдымен Ақниет Қайырғалиев пен Ақерке Габдуллина «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты әдеби-сазды кешке жиналған қауыммен амандасты.
Содан кейін Абай ескерткішіне барша мекеме ұжымдары гүл шоқтарын қойды.
Кеш аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Нұрғалиқызының құттықтау сөзімен жалғасты.

Әрі қарай Абай образын алып шыққан Жаңақала мектеп гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айбол Қажымұқанұлы  ақынның «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін оқыса, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің 3-курс студенті Римма Шынтемірқызы Татьянаның Онегинге жазған хатын оқыды.

абай (2)

Қазақ мәдениетінің қайраткері Н.Есқалиқызының жетекшілігімен халықтық «Айзере» әжелер ансамблі Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

абай (12)

Аудандық кітап қорын толықтыру және жабдықтау бөлімінің меңгерушісі Сәуле Төлеуғалиқызы Абайдың бірінші қара сөзін, ал Айнара Есболат он тоғызыншы қара сөзін оқыды.
Ханзада Бисенғалиеваның жетекшілігімен Меруерт Хамза «Ілме» күйін тарту етті.

абай (10)

Әрі қарай Гүлфайруз Серікқали Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге», Әдемі Асқар «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Сонымен қоса аудандық кітапханының оқырмандары Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады.

абай (5)

Шара соңында «Абай тұтас бір әлем» атты көрмесіне Нұржанар Арманбекқызы библиографиялық шолу жасады.

Жанна Миха,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале