12.02.2025, 17:47
Оқылды: 404

Абзал Әжіғалиев: “Мақсат - харбиндегі ерлікті Миланда қайталау!”

Қытайдың Харбин қаласында ІХ Қысқы Азиада ойындары жалау көтерді. Естеріңізде болса, бұл спорттық мерекені 2011 жылы Қазақстан қабылдаған болатын. Алатау тауының баурайы мен Сарыарқа төсінен Азиаданың жаңғыры әлі естіледі. 

PHOTO-2025-02-11-23-07-22 (1)

Қазақстанның Харбиндегі қарқынына көңіл тойып, көз қуануда. Әділ Ғалиахметов, Малика Ермек секілді конькиге қонған қаракөздеріміздің жетістігі, Аяна Жолдас секілді фристайлшы - акробаттардың шаңғымеү әуеде қалқығаны, биатлоншылардың жүйріктігі мергендігі бәрі - бәрі “Қысқы споро Қазақстанның не теңі?!” - деген сөзге нүкте қойды.

PHOTO-2025-02-11-23-07-22

Харбиндегі тарихи жеңіс - шорт - тректен ерлер құрамасының 5000 шақырымдық қашықтықтағы сында топ жаруы. Шорт - тректің қандай спорт екенін біз бәлкім білмеуші едік, білсек те зейін салып тамашаламас едік, егер конькиінің жүзімен мұз бетіне зер салған шеберлер арасында сырымдық Абзал Әжіғалиев болмағанда.

PHOTO-2025-02-11-23-07-22 (3)

Абзал атасы Сырым Датұлы секілді ту көтеріп, Қытайдың астанасы Бейжіңнің қақпасынан кірген ер - тұғын. 2022 жылы Қысқы Олимпиадалық ойындарды аспан асты елі қабылдады.

Харбиндегі алтын үшін айқас та оңай болған жоқ. Қазақстан Қытай құрамасын және Оңтүстік Корея мен Жапонияның жебедей заулаған жүйріктерімен ақ мұздың үстінде бәйгеге түсті. Эстефаталық сынның қаталдығы сол - бір адамның қателігі бүкіл команданың сорына айналады.

PHOTO-2025-02-11-23-07-25

Ұстараның жүзіне қонған Айбек Нассен, Глеб Ивченко, Мерсайд Жақсыбаев, Денис Никиша және өзіміздің Абзал Әжіғалиев пен Әділ Ғалиахметов  үлкен ағынның арасына түскесін - ақ, мәрені бірінші қиғанша тоқтамауға тырысты. Бірақ, жеңіс оларға соңғы секундта ғана жалынан ұстатты.

Бірін - бірін иығымен жанаған оңтүстік кореялық сырғанаушы мен қытай спортшысының арасындағы қақтығысты Әділ шебер пайдаланды. Зу етіп, сызықты кесіп үлгерді.

Жарыстан кейін жерлесіміз Абзалды жеңісімен құттықтап, сайыс туралы сұрадық:

  • Шорт - трекшілердің алтын медалі - Қазақстанның қысқы спортын жаңа биікке көтерген жарқын жетістік. Сол тарихты жасағанымызға қуанамыз. Біздің команда ерледі. Жеке өзім ІХ Азиада ойындарын тағатсыздана күттім. Себебі, 2011 жылы кеткен “есем бар”.  Қолаға қол жетті, алтын бұйырмады. 2017 жылы Жапонияның Саппоро шаһарындағы байрақты бәсекеден сырт қалдым. Жарақатым сыр беріп, мұзға шығу қауіп болды. Бәрін басынан бастауға тура келді. Бұл алтын медаль маған 14 жыл күттірді.

Бұл Азиада біз үшін 2026 жылы Италияның Милан қаласында өтетін ХХV Қысқы Олимпиадалық ойындарға керемет дайындық болды. Олимпиада да басты қарсыластарымыз - Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея шорт - трекшілері. Мақсатымыз - Харбиндегі ерлікті Миланда қайталау! - дейді Абзал.

PHOTO-2025-02-11-23-07-22 (2)

Айта кетейік, қазақстандық шорт - трекшілер 2000 шақырымдық аралас эстафатада күміс медальға ие болған. Сол арқылы Абзал Азиада медалінің толық жиынтығын мойынына таққан спортшы атанып отыр.

Қай бір жылы Абзал туралы “Алтын тағалы арғымақ” деген мақал жазған едік. Сол сөзіміз - сөз! Сүрінбе, тағасы күнге шағылысқан тұлпар!

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале