17.06.2022, 10:00
Оқылды: 159

Әдеби кештен әдемі әсер

Сырым аудандық орталықтандырылған кітапханасында жазушы, аудармашы, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Мұқадес Есламғалиұлының шығармашылығын дәріптеуге  арналған "Кемел ойлы, көркем сөзді жазушы" атты әдеби кеш өтті.

WhatsApp Image 2022-06-17 at 09.51.40

Әдеби онлайн кешке ZOOM платформасында жазушының жары, үзеңгілес достары, туыстары, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана ұжымы, байқауға қатысушылар, кітапханашылар мен оқырмандар қашықтан қатысты.
Шара қонақтары көркем сөзді жазушы жайында жылы естеліктерімен бөлісті.

WhatsApp Image 2022-06-17 at 09.51.38

Айта кетейік, М.Есламғалиұлының шығармаларын насихаттау мақсатында ІІ облыстық "Ұмытылмас, өшпес бейне" атты шығармалар байқауы ұйымдастырылған болатын.
Байқауға "Тұман ішіндегі көш" романы,  "Жазушы және оның кейіпкері", "Мұқадес Есламғалиұлы және тарихи шығармалары", "Әйтеке би" тарихи диологиясының ерекшелігі, "Мұқадес Есламғалиұлы – өлкеміздің көрнекті жазушысы", "Жазушы шығармаларындағы өлке табиғаты" тақырыптары бойынша оқырмандардан 40 жұмыс қабылданып, арнайы құрылған комиссия оқырмандардың жұмысын бағалады.
Шығармалар байқауының нәтижесінде, ІІІ орынды теректілік Бекжан Мырзаев пен казталовтық Әли Нәби, ІІ орынды бәйтеректік Меруерт Ешниязова иеленді.
І орын иегері атанған Шыңғырлау ауданының, Алмаз ауылдық кітапханасының оқырманы Манарбек Жұмабаев әдеби кешке арнайы келді.

WhatsApp Image 2022-06-17 at 09.51.41

Жеңімпазды Сырым аудандық әкімі аппаратының басшысы Медет Мырзаш құттықтап, диплом, естелік сыйлық пен қаржылай сертификат табыс етті.
Үздік оқырмандар ішінен оза шапқан өзге жүлдегерлерге де диплом мен естелік сыйлықтар, ақшалай сертификаттар бар.
- Мен алғаш танысқан жазушының "Әйтеке би" тарихи диологиясы өткен тарихымызға, бабалар дәстүріне, қазақ дүниетанымындағы исламға жол салатын, әлі талдауды қажет ететін шығарма деп есептеймін,-дейді Манарбек Жұмабаев.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале