Бүгін Атырау аспаны алдаспан жырмен асқақтады.
Айталық, Махамбет Өтемісұлының 220 жылдық мерейтойына арналған «Тартынбай сөйлер асылмын» республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.
Оған Теректі ауданының абыройын қорғап, «Теректі жаңалығы» газетінің директор-редакторы, талантты ақын, қаламы жүйрік журналист, әріптесіміз Әділет Орынбасаров қатысқан еді.
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болып күні кеше сайланған Мереке Құлкенов қазылар алқасының төрағасы болды. Ал алқаның мүшелері — Қ.Жылқышиев, С.Нұржан, М.Ершу, А. Дәулетбаева сықылды ылғи мықты ақындар әділетті бағасын берді. Жан-жақтан, яғни Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Атырау, БҚО, Павлодардан келген 20 ақын арасынан Әділет Әлібекұлы оза шауып, жүлделі І орынды қанжығаға байлады.
Самал Жамет,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz