24.05.2023, 16:53
Оқылды: 180

Әділет Орынбасаров республикалық жыр додасынан жүлде алды

Бүгін Атырау аспаны алдаспан жырмен асқақтады.

IMG_20230524_141234

Айталық,  Махамбет Өтемісұлының 220 жылдық мерейтойына арналған «Тартынбай сөйлер асылмын» республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.

Оған Теректі ауданының абыройын қорғап,  «Теректі жаңалығы»  газетінің директор-редакторы,  талантты ақын, қаламы жүйрік журналист, әріптесіміз Әділет Орынбасаров қатысқан еді.

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болып күні кеше сайланған Мереке Құлкенов  қазылар алқасының төрағасы болды.  Ал алқаның мүшелері  — Қ.Жылқышиев, С.Нұржан, М.Ершу,  А. Дәулетбаева сықылды ылғи мықты ақындар әділетті бағасын берді. Жан-жақтан,  яғни Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Атырау,  БҚО, Павлодардан келген 20 ақын арасынан Әділет Әлібекұлы оза шауып,  жүлделі І орынды қанжығаға байлады.

 

Самал Жамет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале