14.09.2024, 11:00
Оқылды: 56

АЭС құрылысы: Жаңақалада түсіндірме жұмысы жалғасып жатыр

Кеше Жаңақала ауданының Бірлік ауылдық окуругіне қарасты Ақбалшық елді мекенінде АЭС салу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

BB2DA6DC-D6F9-4190-97E1-F42B78D425E0

Аудандық штаб мүшелері, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дәурен Мерешов, аудандық аурухана басшысының орынбасары Жәнібек Успанов және зейнеткер дәрігер Дариға Алмағамбетова ауыл тұрғындарына атом электр станциясын салудың еліміз үшін маңыздылығын айтып, құрылысының артықшылықтары жөнінде түсіндіре кетті.

Сонымен қатар тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға алынған жауаптар осы мәселеге байланысты бірнеше мәліметтермен толықты.

– АЭС салу бастысы халыққа зияның келтірмесе екен деп ойлаймын. Енді біреудің қасақана жасаған әрекетінен болмаса, басқа жағдаяттармен орын ала қоймас деп сенеміз. Барлығымыз жақсы білеміз, бұдан бұрын оқыс оқиғаға ұшыраған мемлекеттер әліде зардабын тартып келеді. Дегенмен, бізде жаңа технологиялармен дамудамыз. Сол себепті жамандық атаулысынан, қауіп-қатерден еліміздің сақталуына игі тілегімізді білдіреміз.

Бізден кейінгі ұрпақ аман болып, болашақтарының жарқын болуы үшін оң шешім болады деген үмітіміз ақталса, өзі бір ғанибет, - дейді ауыл тұрғыны, зейнеткер атамыз Аяпберген Шуйкин.  

Жергілікті тұрғындардың басым бөлігі алдағы референдумда өз таңдауларын жасап, қолдайтындарын жеткізді.

Фариза Махамбетова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале