Бүгін Казталов ауданында құрылған қоғамдық штаб мүшелері аудан орталығындағы «Казпошта» байланыс торабының ұжымымен кездесті.
2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Елімізде АЭС салудың пайдасы мен тиімді тұстары туралы қоғамдық штаб мүшесі, ақсақал Уәлиолла Әбішев, қоғамдық штаб мүшесі, ардагер Мұқанғали Бектілеуов әңгімелеп берді.
«Казпошта» ұжымы алда болатын референдумға қатысатындарын және қолдайтындарын жеткізді.