Бүгін Казталов аудандық мәдениет үйінде мәдениет саласы қызметкерлеріне АЭС салудың маңыздылығы мен қауіпсіздігі, пайдасы жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі заманға сай атом электр станциялары өнеркәсіп пен халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, экологиялық жағынан да таза, сенімді энергия көзі саналады.
Қоғамдық штаб мүшесі аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күнсұлу Шәкенаева 6 қазанда болатын атом электр стансасын салу жөнінде референдумға қатысып, еліміздің дамуы жолында маңызды шешім қабылдауға шақырды.
Қоғамдық штаб мүшесі Айбек Көшеғалиев еліміздегі ең басты қажеттілік – электр энергиясының тапшылығын үшін АЭС салу арқылы экология мәселесінде тиімді шешуге болатынын жеткізді.
Кездесуде ұжым қызметкерлері АЭС салуда бойынша сұрақтарын қойып, референдумға қатысатындықтарын және қолдайтындықтарын жеткізді.