25.09.2024, 9:15
Оқылды: 76

«АЭС – тығырықтан шығудың жолы»

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының төртінші бағытында инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттілігі басты назарда екендігін айтты.

BC85134C-6E16-45D7-8BA5-702324A4810D

Сурет: freepik.com

Бұл бағыттағы жұмыстың бірі – энергия өндіретін жаңа нысандар салу арқылы энергия тапшылығын азайту, тұтынушыларға арналған тарифтың орынсыз өсуіне жол бермеу. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері қажет екендігіне баса назар аударып, еліміздің энергия сұранысын қанағаттандыра алатын атом энергиясы керек екендігін айтты.

Ал мемлекет өміріндегі әрбір маңызды мәселелер халықтың келісімімен жасалуға тиіс. Осыған байланысты Президент АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдумды 6 қазанға белгіледі.

Мемлекет басшысының бұл шешімінің сыртында еліміздің экономикалық дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатының артуы, экологиялық мәселелерді шешу мәселелері тұрғанын ескерген жөн.

Себебі электр қуатын тұтыну барған сайын артып, болашақта оның тапшылығы күшейе түсетіні анық. Сондықтан энергетикалық тығырықтан шығудың бірден-бір жолы осы атом энергетикасы деп ойлаймын.

Арман Сағидоллин

Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале