Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиевтің қатысуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында және Қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты шара әсерлі өтті.
Сөз басында аудан әкімі:
- Бүгінгі таңда Тәуелсіздіктің таңын атырып, мамыражай күй кешіп отырғандығымыз салиқалы қариялардың арқасы. Ақ жаулықты аналар мен ардақты әкелер, алдыңғы буын ағалардың ақылы, насихаты біз үшін ерекше,- дей келіп, аудандағы жасалған жұмыстардың жай-жапсарын кеңінен баяндады.
Аудан әкімдігінің ұйымдастырған бұл басқосуына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуар Ғалымұлы және өзге де ардагерлер зор алғыстарын білдіріп, ұсыныс-пікірлерін де ортаға салды.
Бейресми дастархан басындағы кездесу тек еркін әңгіме алаңы ғана емес, аудандық демалыс орталығы мен саз мектебі қызметкерлерінің әуезді әні, құлақ құрышын қандырар домбыра үнімен әдемі үйлесім тауып, қонақтардың көңілін жадыратып тастады.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz