8.03.2023, 23:59
Оқылды: 92

Әйел – ана әлемге

Көктемнің көңілге шуақ сыйлар мейрамдарының бірі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні екені мәлім.

WhatsApp Image 2023-03-08 at 21.46.40

Переметныйдағы мәдениет үйінде ақ жаулықты әже, асыл аналар мен аруларға арналған "Әйел - ана әлемге" атты мерекелік шара өтті. Концерттің шымылдығы "Нұр-Ай" би ансамблінің "Сезім сыры" қазақ биімен ашылды. Одан кейін сахнаға аудан әкімі Марат Тоқжанов шығып, құттықтау сөз сөйледі.

WhatsApp Image 2023-03-08 at 21.46.41

"Құрметті аналар, қарындастар, арулар! Баршаңызды бүгінгі мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Қоғамдағы арулардың орны бөлек. Өйткені әйел адам жанұяның мәні мен сәні, бағы, қозғаушы күші. Ерді ез қылатын да, езді ер қылатын да осы нәзік жандылар. Бүгінгі тамаша мерекемен өздеріңізді құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Әрдайым құрметке лайық, айдай жымыңдап, жұлдыздай жарқырап, гүлдей жайнап жүре беріңіздер", деген Марат Лұқпанұлы тілегімен қосып Мұқағалидің бір шумақ өлеңін оқып берді. Кеш бөлім, мекемелер және ауылдық округтер бойынша марапаттау рәсімімен жалғасты. Рәсімнен соң концерттік бағдарлама тізгінін ауданның талантты жастары Кенесары Болғанбаев пен Әліби Жанабілов алып, жарасымды әзілдері мен «Техничка» қойылымын қойып, ойындар ойнатып қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлады. Ауданның белгілі әншілері Жеңіс Қасымов, Ғизат Мұхамбетов, кішкентай сүйкімді қыздардан құралған «Айналайын» тобы, Мейірбек Жанболат пен Махаббат Абат, Сергей Саяпин, ASL мен KESHA, Әліби Жанабіловтер, Трекин ауылынан келген «ДәуЕрМан» триосы өз кезегінде әдемі әндер шырқады, көрермендерге гүл сыйлады.  Мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті. Ең бастысы аналар мен әйелдер, қыздар қолдарына бір-бір гүл ұстап көтеріңкі көңіл-күйде үйлеріне тарқасты.

WhatsApp Image 2023-03-08 at 21.46.42 (2)

WhatsApp Image 2023-03-08 at 21.46.42 (3)

Дина Байдалина, Бәйтерек аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекші маманы:

-Ауданда 40 жылдан бері қызмет етіп келемін. Өңірімізде жыл сайын бұл мереке өте жақсы аталып өтіледі. Мінекей, бүгінде жұмыстастармен бірге концерттік бағдарламаға келіп қалдық. Бәрі көңілімізден шықты, ұнады. Қуаныштымыз. Барша әйелдер қауымын мерекемен құттықтаймын!

Айгүл Шуденова, Переметный ауылдық округы, Мұнайшы ауылының тұрғыны:

-Бәрімізге керемет көңіл күй сыйлағаны үшін ұйымдастырушыларға тек алғыс айтамыз. Дән ризамыз. Осы кештің қонағы болып, ән тыңдап, рухани тынығып қалдық. Ауданымыздың барша нәзік жандыларын мерекемен құттықтаймын. Аман болайық!

 

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале