4.06.2021, 11:43
Оқылды: 18

Әйгерімнің кезекті жүлдесі

 Тараз қаласында өткен республикалық чемпионатта шыңғырлаулық Әйгерім Телемгенова күміс медаль иегері атанды.

B6D4FA65-91A4-40F4-BC4A-5239740CB121

  Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған чемпионатта жерлесіміз намысты қолдан бермей, жүлдеге ие болды. Қазақ күресінен ересектер және әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының Кубогінде жүлделі ІІ орын иеленген жерлесімізді тағы бір рет құттықтап, толағай табыстар тілейміз!

  «Қазақша күрес өзіміздің ұлттық спорт түрі болғандықтан бұл спортты ерекше жақсы көремін. Болашақта да өзімнің спорттағы жолымды жалғастырып, алдағы жарыстарға тыңғылықты дайындаламын», - дейді жүлдегеріміз.

Әйгерім - қазіргі таңда жаттықтырушы. Бала кезінен спортқа жақын ару 2013 жылы самбодан спорт шебері атағын алды. Ал 2019 жылы аудан бойынша алғашқы қыздар арасындағы қазақ күресінен спорт шебері атағын иеленді.  

«Қиын сәттер, әрине, болды. Қарсыластарым жақсы дайындықпен келген. Үш белдесу өткіздім. Намысты қолдан бермеу үшін барынша күш салдым», - дейді Әйгерім.

  Қайсарлық пен батылдықты бойға жинап, ел намысы жолында аянбай тер төгіп жүрген спортшының жетістіктері өте көп және оның әлі талай шыңды бағындырарына сенімдіміз.

Айбарша Аймырзақызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале