23.08.2026, 8:45
Оқылды: 18

Айкөркемнің алғашқы таңдауы: «Еліміздің дамуына үлес қосқым келеді»

Казталов ауданы, Әбіш ауылындағы №255 сайлау учаскесінде сайлауға алғашқылардың бірі болып келгендердің қатарында жас сайлаушы Амангелді Айкөркем болды. Ол сайлау учаскесіне атасы Амангелді және әжесі Бағиламен бірге келіп, өзінің азаматтық таңдауын жасады. Айкөркем үшін бұл сайлаушы ретіндегі алғашқы қадам, ел болашағына деген өз көзқарасын білдірген ерекше сәт.

image-23-08-26-08-40

— Бүгін мен үшін маңызды күн. Алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Менің ойымша, әр азаматтың дауысы маңызды. Себебі біздің таңдауымыз елдің ертеңіне әсер етеді. Өз таңдауымды жауапкершілікпен жасауға тырыстым. Болашақта еліміздің дамуына өз үлесімді қосқым келеді, – дейді Айкөркем.

Жас сайлаушының сайлау учаскесіне атасы мен әжесімен бірге келуі де ұрпақ сабақтастығының жарасымды көрінісін аңғартты. Үлкеннің өнегесі мен жастың белсенділігі тоғысқан бұл сәт ел болашағына деген ортақ жауапкершіліктің мәнін айқындай түсті.

 

Әдемі Оразғалиева,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале