6.09.2021, 14:37
Оқылды: 180

Айтулы күн ерекше аталып өтілді

Бәйтерек ауданында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі кең ауқымда аталып өтті. Аталмыш мереке күні орталықтандырылған балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Тіл білсең, досың да көбейер» атты лингвистикалық сайыс өткізілді.

 Лингвистикалық сайыс4

Аудан орталығындағы «Street workout» ойын алаңында өткен сайыс барысында балалар «Қазақ тілінің тарихы», «Полиглот», «Мақалды жалғастыр», «Жауабын суретте», «Логопед», «Самый зоркий», «Қорапшада не бар?», «Translator Teacher» сияқты кезеңдерден өтуі керек болды.

Сондай-ақ, қатысушыларға «tilqural.kz», «qazlatyn.kz, «elatyn.kz» ақпараттық жобалар туралы мағлұматтар беріліп, «Латын әліпбиі – ұлттық реформа» атты кітап көрмесінде ұйымдастырылды. Оған В.Кемелбекованың «Тіл – тәуелсіздік тұғыры», А.Ерполаттың «Латын әліпбиіне көшу әлем халықтарының тәжірибесінде» атты кітаптар қойылды. Бұдан бөлек «Дәстүр» журналындағы латын әліпбиіне көшу соңғы ақпараттар мен «Ағылшынша-қазақша сөздік», «Қытайша-қазақша үлкен сөздік» сынды басылымдар да таныстырылды.

Лингвистикалық сайыс

Қызықты шараны кітапхана қызметкері Айнагүл Төлеуова мен М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың «Тарих, экономика және құқық» факультетінің ІІ курс студенті, библиоволонтер Дана Ахметова жүргізді.

Шара соңында балаларға естелік сыйлықтар табысталып, латын графикасындағы қазақ әліпбиінде көрсетілген ақпараттық жобалар тізімі туралы үнпарақтар таратылды.

- Аталмыш лингвистикалық сайыс балаларды ана тілдерін қастерлеп, қадірлей білуге, Қазақстан халықтарының тілдерін құрметтеуге шақырып, патриоттық тәрбиені бойларына сіңіру мақсатында оздырылды.

Ойын барысында барлық қатысушы ой-өрісін дамытып, көптеген жаңа ақпарттар алуға мүмкіндік алды.

Шара қорытындысында Батырхан Мухамбетов, Дархан Кужумов, Аңсар Есенгалиев, Мирас Тастенов, Ева Русакова сынды бүлдіршіндер қызықты ойын көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, белсенділіктерін танытқан Богдан Разиченко, Елизавета Моисеева, Санжар Жұмабаев, Надежда Мухина сынды сайыскерлерге алғыс білдіреміз. Барша қазақстандықтарды орталықтандырылған балалар кітапханасының ұжымы атынан тілдер күні мерекесімен құттықтаймыз, - дейді ОБК-ның меңгерушісі Зәуреш Габдулиева.

Сонымен қатар, аудан орталығында аталмыш мерекеге орай орталықтандырылған кітапханалар жүйесі кітапхана қорынан жасақталған онлайн кітап көрмесін ұйымдастырды.

Екі кезеңнен жасақталған көрмеде «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейліктің негізі», «Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімі»  кітаптарында қазақ тіл білімінің даму ерекшеліктері туралы мағлұматтар, А.Османның «Тіл тәуелсіздігі – ел болашағы» кітабында әр жылдары жарық көрген ғылыми және көпшілік мақалалары мен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы – 20 жыл» екі томдық шығармалары мен қазақ әліпбиінің алғашқы авторы А.Байтұрсынұлының «Тіл танымдық мұрасы» кітабындағы қазақ тілінде жарық көрген мақалалары мен ұлт ұстазының әр жылдары жазылған шығармалары мен туындылары таныстырылды.

Орталықтандырылан кітапханалар жүесінің маманы Гүлмира Ержаймасқызының сөзінше, кітапхана қоры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобалары аясында қазақ тіліне аударылған «Тіл тарихы», «Тіл біліміне кіріспе», «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» оқулықтарымен де толықтырылған екен.

Бұдан бөлек тілдер күні ауданның басқа да округтерінде қызықты шаралар ұйымдастырлды.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале