27.11.2024, 12:15
Оқылды: 8

«Ақ отау» бірлестігі кәсіпке бастайды

Қоғамдық бірлестіктер қызметінің мақсаты – белгілі бір салада азаматтарымыздың әлеуетін арттырып, мүмкіндіктерге бастар бағыт сілтеу.

468598191_3882225232094812_7834925034591978145_n

Осы мақсатқа берік «Ақ отау» бірлестігі әйелдердің кәсіп меңгеруі, бизнеске ортақтасуына ықпал ететін бірқатар шараларға ұйытқы болып келеді. Бірлестік төрайымы Жанна Нұржанова аудан орталығындағы әйел кәсіпкерлермен бірлесіп, кеше тағы бір мәрте осындай шара ұйымдастырды.

Дәлірек айтсақ, олар жұмыссыз, кәсіпке ынтасы бар нәзік жандыларға арнап, шеберлік дәрісін өткізді.

468331242_3882225065428162_2916900061245178932_n

«Керемет» сауда кешенінен орынды жалға алып, ұлттық нақышта киім-кешек, тұрмысқа қажет өзге де дүниелерді жасап, қолөнерді табыс көзіне айналдырған Аққойсын Нұрмұхамбетова, «Асхана» кафесінің иесі Гүлмира Қадешева, «Даргүл» тігін ательесінің иесі Дәргүл Сүлейменовалар келген жандарды кәсібімен таныстырып, бизнестің қыр-сырына қанықтырды. Атап өткен жөн, аты аталған кәсіпкерлер бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр.

Шеберлік дәрісіне қатысқан қыз-келіншектер ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп бастауға қызығушылық білдірді.

Әсел Сағын

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале