Жәнібек ауданы бойынша өтіп жатқан референдум науқаны тұрғындардың белсенді қатысуымен ерекшеленуде. Аудандық аурухана басшысы Ербол Сәрсенғалиев бастаған ақ халаттылар ұжымы да дауыс беруге белсене қатысып, ерекше үлгі көрсетті.

Көрісу айт мерекесімен тұспа-тұс келген науқанда олар дәстүрлі ақ халаттарын ұлттық нақыштағы киімдер мен бұйымдарға алмастыра отырып, өздерінің азаматтық белсенділігін мерекелік көңіл-күймен біріктірді. Бұл әрекет тек сайлауға қатысу ғана емес, мәдени мұраны дәріптеу, бірлік пен ауызбірлікті насихаттау ретінде де бағаланады.

Ұжымды бақылаушылар мен тұрғындар ерекше ықыласпен қабылдап, олардың қатысуы жастарға үлгі болып отырғандығын айтады. Ақ халаттылардың бұл қадамы науқанның мәнін тереңдете отырып, қоғамда патриоттық рух пен ұлттық мәдениетті дәріптеуге септігін тигізіп отыр.
Арай Сейфолла,
Жәнібек ауданы
