Жан дүниеңізге рухани байлық сыйлайтын, көңіл көкірегіңізді байытатын, жан-жақты жақсы хабарларымен қуантатын жақын серігіңіздің бірі — ол газет екендігі даусыз. Сексен жылдан астам ауданның тарихын жазып келе жатқан төл басылым — «Теректі жаңалығы» қоғамдық-саяси газетіне жазылу жүріп жатыр.
Теректі аудандық «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» газетін ұжым болып қолдайтын жерлестеріміздің бар екендігі көңілге қуаныш ұялатады.
Мысалы, Теректі аудандық орталық ауруханының ұжымы, нақтырақ айтсақ, 28 қызметкері аудандық газетті қолдап, өзгелерге үлгі болды.
-Науқан кезінде бәріміз бір кісідей газетті қолдауымыз шарт. Газет оқыған адам сауатты болады. Бүгінгі әлеуметтік желі қарқын алып тұрған кезде бұл аса маңызды деп ойлаймын. Аудандық газетіміз халық пен атқарушы орган арасында алтын көпір орната білді. Ауданымыздың қоғамдық өмірі мен әлеуметтік ахуалын хабардар етуде орасан зор орын алады,— дейді аудандық орталықтандырылған аурухананың директоры Зeйл Мағзомов.
Газетке жазылу науқанында белсенділік танытайық!
«Теректі жаңалығы» әр теректіліктің шаңырағына жол тапсын!
Біз үшін әр оқырман қымбат!
Мейрамгүл Сарсенғалиқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz