8.10.2024, 23:45
Оқылды: 133

Ақ Жайықтың ақ шағаласы елге келді

"Отан" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жерлес ақын анамыз Ақұштап Бақтыгереева Орал қаласына келді.

IMG_4825

Әуежайдан Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова, Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Қамбетов, облыстық Халық шығармашылығы орталығының директоры Мәулет Жұбатов, аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров, аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Арман Сағидоллин құшақ-құшақ гүлмен қарсы алды.

IMG_4789

–Қазақтың қай жеріне барсам да, құшақ ашып қарсы алады. Құрмет көрсетеді. Дегенмен туған жердің ыстық ықыласы бөлек қой. Бәріңізге ризамын. Әсем қала Алматыда ғұмыр кешіп жатсақ та, Оралға елеңдеп, ауа-райын, жаңалықтарын қалт жібермейміз,- деді Ақұштап Бақтыгерейқызы.

IMG_4810

Өз кезегінде Әлия Биғазықызы, Медхат Мұсаұлы сөз алып, лебіздерін айтты. Аудан басшысы ақынға шай құйып, құрмет көрсетті.

Айта кетейік, биыл қазақ поэзиясына жаңалық әкелген ақынның мерейлі 80 жасы. Теректі ауданында Ақұштап Бақтыгерееваның мерейтойына арналған "Ақжайыққа жыр арнағым келеді" атауымен іс-шаралар өтпек.

IMG_4794

Ақын анамыз 10 қазан әуелі Ақжайық ауылында есігін айқара ашқалы тұрған Әдебиетшілер үйінің ашылу салтанатына қатысып, кездесу өткізеді. Ал сағат 16:00-де Теректі аудандық мәдениет үйінде ақынға арналған әдеби-сазды кеш өтеді.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале