Күні кеше елге белгілі кәсіпкер «Ақас» агрофермасының басшысы Қатауолла Ашығалиев Переметный ауылының тұрғындарына 1726 тауық балапанын тегін бергенін жазған болатынбыз.
Дәл осындай акция Көшім ауылында да жалғасын тапты. Аталған ауыл тұрғындарына Қатауолла Миралиұлы 1300 балапан сыйлады. Ауылдық округ әкімдігі шөжелерді аз қамтылған және көпбалалы 65 отбасыға бөліп берді.
Аудандық ауыл шаруашылғы бөлімінің берген мәліметіне сенсек, «Ақас» агрофермасы Бәйтерек ауданының барлық ауылдық округтеріне осындай сый жасап жатыр екен. Бөлім маманы Гүлжан Шатокқызы ауданға жалпы саны 15500 балапан бөлінгенін айтады. Бүгінде шөжелер барлық ауылдарға жеткізіліпті.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz