24.02.2020, 17:21
Оқылды: 59

Ақбану «Алтын алқа» иегері атанды

Жәнібек  ауданының әкімі Азамат Сафималиев ҚР Президентінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 232 Жарлығы бойынша жеті баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеп отырған Жәнібек ауылының тұрғыны Ақбану Айтқалиеваға «Алтын алқа» төсбелгісін табыстады.

tosbelgi

Әрі аудан басшысы көпбалалы ананың жағдайын сұрап,   халық санының артуына елеулі үлес қосқаны үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық пен отбасы амандығын тіледі.

Өз кезегінде ардақты ана осындай сый-құрмет көрсетіп жатқан ат үстіндегі азаматтардың баршасына  алғысын айтып,  ұрпақтар болашағы жарқын болса деген ізгі ниетін білдірді.

                                                                                                 Ә.САДЫҚ

                                                                                               Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале