Пауэрлифтингтен өткен облыстық чемпионат
18 Мамыр 2022

Пауэрлифтингтен өткен облыстық чемпионат

Бауыржан Ғұбайдуллин: «Қоғам да, адам да, адамның санасы да өзгеруі үшін бәріміз бірдей референдумға қатысып, дауыс берейік»
18 Мамыр 2022

Бауыржан Ғұбайдуллин: «Қоғам да, адам да, адамның санасы да өзгеруі үшін бәріміз бірдей референдумға қатысып, дауыс берейік»

Мәжіліс депутаты Шыңғырлауда
18 Мамыр 2022

Мәжіліс депутаты Шыңғырлауда

Туған жерге сағыныш
18 Мамыр 2022

Туған жерге сағыныш

50 адамға дейін тұрғыны бар ауылдар медициналық қызметкермен қамтамасыз етіледі - ҚР ДСМ
18 Мамыр 2022

50 адамға дейін тұрғыны бар ауылдар медициналық қызметкермен қамтамасыз етіледі - ҚР ДСМ

Оян ауылдық кітапханасы аудан мерейін өсірді
18 Мамыр 2022

Оян ауылдық кітапханасы аудан мерейін өсірді

21.10.2021, 12:08
Оқылды: 29
Акция аясында 1400 көшет отырғызылды

Өткен сенбіде Ақжайық ауданы Чапаев ауылында санитарлық-экологиялық айлығы аясында және Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай тал егу акциясы ұйымдастырылды. Оған 500-ге жуық мекеме қызметкерлері жұмылдырылып, екі «МТЗ-80» трактор және екі су таситын көлік тартылды.

IMG_7186

Шара Қонаев көшесі бойында орналасқан саябақта ашылды. Аталған акцияға арнайы қатысқан аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов туған жердің тазалығына немқұрайлы қарамай, сенбілікке белсенді қатысатын барлық мекеме қызметкерлеріне, ауыл тұрғындарына ризашылығын білдірді.

Акция барысында Чапаев ауылындағы Қонаев, Мендалиев және Исаев көшелеріндегі саябақтарға 500 түп көктерек, үйеңкі көшеттерін отырғызды. Оған 16 тонна су тасылып, 9 тонна тыңайтқыш жұмсалды. Жасыл желекті көбейту мақсатындағы сенбілік ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде өтті. Соның нәтижесінде аудан бойынша 1400-ден астам ағаш егілді.

Аида Асылбек,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале