Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев үстіміздегі жылдың 25 мамыр күні «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңға әкімдерді тікелей сайлауды енгізу мен барлық үміткерге қарсы дауыс беруді қарастыратын түзетулерге қол қойды. Осы түзетуге сәйкес елімізде ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Яғни әкімдерді халық дауыс беру арқылы сайлайды. Осыған орай Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Толық құрамда жиналған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Булат Кенжеғұлов жүргізіп отырды. Күн тәртібінде Шалқар ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы және сайлау округін құру туралы шешімдер қабылдау қаралды.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Арсен Бисенғалиев баяндады. Сайлау күнгі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар ерекше назарда болуы пысықталды.
Отырыс қорытындысындакүн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының №30 шешіміне сай, Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шалқар ауылдық округі әкімін сайлау 2021 жылдың 28 қарашасына тағайындалды. Ағымдағы жылдың 29 қазандағы №31 шешімімен Шалқар ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округі құрылып, шекарасы анықталды.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz