9.11.2023, 16:15
Оқылды: 28

Әкімдік командасы жеңіске жетті

Чапаевтағы «Ақжайық» дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде мемлекеттік қызметшілер арасында аудан әкімінің кубогі үшін волейболдан ашық турнир өтті.

IMG_5279

Жарысқа Орал қаласы, Бәйтерек, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жәнібек, Қазталов, Шыңғырлау, Ақжайық ауданы әкімдігінің және облыс әкімдігінің командалары қатысып, бақ сынады.

Турнирдің ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюпов қатысушыларға сәттілік тілеп, жаңадан ашылған кешенге сыйлық табыс етті.

Сондай-ақ аудандық мәслихат хатшысы Сәлімгерей Сиражев, аудан әкімінің орынбасары Бақберген Әбуов қатысты.

Тартысты өткен бәсекеге толы ойындардың қорытындысымен жеңіс тұғырының үшінші сатысына облыс әкімдігінің командасы көтерілсе, екінші орынды Орал қаласы әкімдігінің командасы иеленді.

Турнир барысында тамаша ойын үлгісін көрсеткен Ақжайық ауданы әкімдігінің командасы жеңіске жетті.

Айжан Ақыл,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале