-Ауыл әкімін сайлау - ортақ жауапкершілік. Билік халыққа жақындай түсіп, бұл жолғы ұйымдастырылған ауыл округ әкімдерін сайлау жобасы - демократияның алғашқы баспалдағы.
"Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпас" демекші, ел болып біріккен кезде ғана ауыл көркейеді. Ауылымның ажары ашылсын десеңіз өз таңдауымызды дұрыс жасайық. Халық даналығында "Әкім бол, халқыңа жақын бол!" деген бар. Ал әкім өзін сайлаған көпшіліктің алдында жауапкершілікті сезініп, сенім үдесінен шығу жолында аянып қалмайтыны анық. Сондықтан игі бастама - халық пен билік арасындағы дәнекер деуге болады.
Бақытханым Мырзағалиева,
Казталов ауданы А.Оразбаева атындағы орта мектебінің мұғалімі