Бүгін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай бір топ әйел - азаматшалармен кездесті.

Әкімдіктің үлкен мәжіліс залындағы салтанатты қабылдауға Сырым аудандық сотының төрағасы Марина Сахипова, мәслихаттың төрағасы Шынар Дүйсенғалиева, мемлекеттік бөлімдері басқаратын Гүлнұр Бекқожина, Кенжегүл Исатаева секілді басшылық қызметтегі азаматшалар, аналар кеңесінің өкілі ардагер - ұстаз Гүлбақша Қалиахметова бастаған педагогтар, Ардақ Валиева секілді ақ халаттылар, Сырым аудандық полиция бөлімінің аналитикалық ақпарат тобының инспекторы, полиция лейтенанты Аружан Тобышбаева сияқты погонды арулар - еңбегі елге игілікті болған қыз - келіншектер қатысты.

- Әйелдер қауымы қандай кәсіпті игерсе де, ең бірінші кезекте, ізгілік пен сүйіспеншіліктің, терең пайым мен шалқар шабыттың қайнар көзі болып қала береді. Талант пен ертеңгі күнге деген берік сенім, еңбексүйгіштік пен қызмет табысын отбасы бақытымен байланыстыра білу Сіздерді шексіз құрметке бөлеуде, - деген аудан әкімі нәзікжандылардың ауданның қоғамдық - саяси өміріндегі айрықша орындарын атап өтті:
- Сіздер тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткізген, саяси мәселелерге белсене араласатын жансыздар. Көктем мерекесі құтты болсын.

Дәмді дастархан басында ханымдар өзара қоғамдағы ізгілік, адам жүрегіндегі жылулық, ұрпақ тәрбиесі туралы сұхбаттасты.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы