Бүгін – аққұстықтар үшін қуанышты күн. Пятимар ауылдық округіне қарасты 76 тұрғыны бар елді мекенде медициналық пункттің ашылу салтанаты өтті. Жоба мердігері – «Жол» ЖШС. Құрылыс жұмысы үшін 41 миллион 634 мың 141.65 теңге қаржы жұмсалған.
Игі шараға қатысқан Жаңақала ауданының басшысы Алпамыс Көшкінбаев елді мекен тұрғындарын құттықтап, алдағы уақытта ауыз су мен көгілдір отын секілді ауыл игілігі үшін атқарылатын жұмыстарды тілге тиек етті.
Сонымен қатар мердігер Әсет Сапаров та сөз алып, тілегін жолдады.
Ауыл ақсақалы Қалимат Есмақов ризашылығын білдіріп:
– Бүгін туған ауылымызда жаңа, заманауи медициналық пункт ашылып отыр. Біздің медпунктіміз тозып кеткендіктен, қаралу үшін көрші ауылға баруға тура келетін. Жаңа медпункт бізге жасалған тамаша сый болды, - деді.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы