11.11.2024, 20:00
Оқылды: 101

Ақобалықтарға да қоғамдық көлік керек

Бүгін Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов бірнеше дербес бөлім басшысымен бірге Ақоба ауылында болып қайтты. Ақоба ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Жакин жиналысты ашып, ағымдағы жылда ауылда атқарылған жұмыстар турасында баян етті.

image-11-11-24-06-41-2

Оның сөзіне сүйенсек, жеке тұрғындарға 2044 орамашөп түсіріліп, жалпы мал азығының 91 пайызы дайындалған. Ал жем бойынша 65 тұрғыннан сұраныс беріліп, 60 тонна жем түсірілген. Ауылдағы жұмыссыздық мәселесін реттеу бойынша бірқатар шара қолға алынып, жыл басынан бері ақылы қоғамдық жұмысқа 20 адам тартылса, уақытша жол құрылысы жұмыстарына 3 адам, тұрақты жұмыс орнына 3 адам орналасқан. Нәтижелі жұмыстарымен ғана мақтанып қоймаған Нұрлыбек Тұрымтайұлы бірқатар күрмеуі қиын мәселені атап, Мирболат Бауыржанұлына ұсыныстарын да айтып өтті. Аталмыш ауылда жаңа білім ошағы бой көтергені әмбеге аян. Жаңа мектепке көшкелі ескі мектеп ғимартының тозуы тіптен жеделдеді. Сол мектепті ауылдағы ескі мекемелердің бірі етіп қалдырмай, жастарға уақыттарын тиімді әрі пайдалы етіп өткізетін фитнес-зал ретінде жаңалап, ауыл әкімдігіне пайдалануға берсе деген ниетін білдірді.

Ауыл әкімінің ұсынысын қаперіне түртіп алған Мирболат Бауыржанұлы да мінберде сөз сөйлеп, аудан көлемінде атқарылған бірқатар жұмысты баяндады.

image-11-11-24-06-41

Аудан әкімі орынбасарының баяндамасынан соң сөз ауыл тұрғындарына берілді. Олардың сөзінше, ауылішілік электр желілері де, орталықтандырылған ауыз су да күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Одан бөлек ауыл тұрғындарынан «Ақоба – Орал» бағытында маршрут шығару жөнінде ұсыныс та тасталды. Жиналыста сөз сөйлеген ауыл үлкендері басшылық құрамға нәтижелі жұмыстары үшін алғыс та айтып жатты. Келіп түскен ұсыныс-тілектерді жазып алған Мирболат Бауыржанұлы оларды аудан басшылығына жеткізетіндігін айтты.

Арай Сейфолла 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале