25.09.2019, 10:52
Оқылды: 17

Ақпараттық топ Бәйтеректе

Бәйтерек ауданы орталығында республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог маман, Ақтөбе облысы «Ас-салам» мешітінің бас имамы Мәди Орынбай мен облыстық дін мәселелері орталығының басшысы Арман Нұрахметұлы тұрғындармен кездесті.

IMG_1730

- Соңғы жылдары елімізде теріс діни ағымдар күшейіп, тұрғындарды  сол бағытқа тартып жүргені баршаңызға белгілі. Олар дін мәселесінде өзгеше түсінік беріп, мемлекеттің жүйесіне де залал келтіруде. Осыған орай қазіргі таңда елімізде көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның бірі бүгінгі түсіндіру тобының өңірімізге келуі. Аудан облыс орталығына іргелес орналасқан. Экономикасы қарқынды дамып келеді. Әрине урбандалу процесін тоқтату мүмкін емес, себебі, алыс-жақын аудандардан отбасылар қоныстануда. Бұдан бөлек, аудандағы жиырма екі ауылдық округте өндіріс орындары бар. Сол орындарда ауыл азаматтарымен қатар өзге елді мекендерден келіп қызмет атқарып жатқан адамдар да бар. Сондықтан да дін басты назарымызда болуы керек деп ойлаймын, - деді аудан әкімі Асхат Шахаров.

IMG_1743

- Бүгінгі күні экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында сіздер секілді тұрғындармен көптеп кездесулер өткіземіз. Кейінгі өскелең ұрпаққа дұрыс жол көрсетіп, мемлекеттің одан әрі дамуына үлес қосамыз. Сонда біздің мемлекетіміз сақталады.

Мәселен, республикамызда 130 ұлт өкілі тұратын болса, сол ұлттардың барлығы отбасында бала-шағасына дұрыс тәрбие беруі керек. Ата-ана бала-шағасын дұрыс тәрбиелесе, біріншіден, өзінің дінін ата-ана оқып-үйреніп, ұрпағын соған тәрбиелеуі керек. Себебі жат ағымның жетегіне жас ұрпақ бағытты білмегендіктен кетуде. Екіншіден, тілге де мән берілуі керек. Өзге де тілдерді біліп, өз ана тілімізді ұмытпауымыз қажет, - Мәди Орынбайұлы.

Шара барысында тұрғындар сауалдар қойып жауаптар алды.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале